spot_img
Жексенбі, Сәуір 20, 2025
4.1 C
Kokshetau

Жібек жолы ауылында заманауи балабақша ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында заманауи балабақша ашылды. Аумағы 270 шаршы метр мектепке дейінгі білім беру мекемесінде оқу, ойын бөлмелері, тұз шахтасы бар, балалардың тәлім-тәрбие алуына барлық жағдай жасалған. Педагогтар құрамы тәжірибелі және білікті тәрбиешілерден құралған, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Абай Бекбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда ауданда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту ең басты бағыттардың бірі болып отыр.

Осы ретте, ауданда мектеп жасына дейінгі балаларды қамту көрсеткіші 84 пайызды құрайды. Жақында Қостомар ауылында балабақша есігін айқара ашты. Алдағы уақытта Аршалы кенті мен Волгодон ауылдық округінде 2 балабақша ашу жоспарланған. Балабақша табалдырығын аттаған кішкентай Әлиханның әжесі Сәуле Асаубаева да өзінің қуанышымен бөлісті.

«Балабақшаның ашылуы біз үшін үлкен сый болды. Өте ыңғайлы жерде орналасқан, жабдықтар мен бөлмелері жаңа, сапасы да көңілден шығады. Немереме қарайтын боламын, ата-анасы алаңсыз жұмыстарын істейтін болады», – деді Сәуле Асаубаева.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика