spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

24 тамызға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер 24 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Антициклон жотасының әсерінен Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағаймен жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ жауады», – делінген хабарламада.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында, таулы аудандарда найзағай ойнайды, бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының тауларында күндіз найзағай ойнайды, таулы аудандарда және батысында жел 15-20 м/с күшейеді, батысында шаңды дауыл соғады.

Батыс Қазақстан облысында күндіз батыста, солтүстік-батыста найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының батысында найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігі мен батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының жағалауына тұман түседі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img