spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
12.9 C
Kokshetau

Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың қашан тұрақтайтынын болжады

Сондай-ақ...оқыңыз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың үш сценарийін болжады.

«Министрлік эпидемиологиялық жағдай болжамын қарашаға дейін жаңартты. Сонымен, пессимистік сценарий бойынша қыркүйекте тіркелетін жағдайлардың орташа тәуліктік саны 6300 жағдайға дейін, қазанда 2400 жағдайға дейін болады. Шынайы сценарий бойынша, қыркүйекте – 5300 жағдайға дейін, қазанда – 1800 жағдайға дейін. Оптимистік сценарий бойынша, қыркүйекте – 4200 жағдайға дейін, қазанда – күніне 1300 жағдайға дейін», – деді Цой үкімет отырысында.
Оның айтуынша, соңғы екі аптада инфекциялық орындар жүктемесі 12 пайызға төмендеген.

«Инфекциялық орындардың толуы – 49 пайыз, реанимациялық орындар – 46 пайыз. Ең көп көрсеткіш Ақтөбе облысында – 68 пайыз, Алматы қаласында – 61 пайыз және Алматы облысында – 59 пайыз», – деді Денсаулық сақтау министрлігі басшысы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика