spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
14.2 C
Kokshetau

Ұлттық құрама Паралимпиада ойындарының дайындығына кірісті

Сондай-ақ...оқыңыз

Бірер күннен кейін Токиода Паралимпиада ойындары басталады. Осыған байланысты әлемдегі мыңдаған спортшы жапон астанасына ағылып жатыр. Олардың арасында біздің құрама да бар, деп хабарлады деп хабарлайды «Aqmola News»  Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Қазақстан өкілдері ПТР тест тапсырып, арнайы тіркеуден өтті. Одан кейін олимпиадалық қалашыққа орналасты. Енді біртіндеп дайындыққа ден қоя бастаған.

Еске сала кетсек, биылғы байрақты бәсекеге жерлестеріміз 25 лицензия жеңіп алған еді. Оның ішінде жүзуден 7, дзюдодан 6 және пауэрлифтингтен 5 жолдамамыз бар. Оған қоса қазақстандық спортшылар жеңіл атлетика, таэквондо, ескек есу және оқ ату бағыттары бойынша да сынға түспек. Алғашқы бәсеке 25 тамызда басталып, қазақстандық спортшылар арасынан ең бірінші болып жүзу шеберлері сайысқа түсетін болды.

«Ең бастысы, барлығы дін-аман. Көңіл-күйіміз жақсы. Әрине, тест тапсыру, тіркеуден өту не басқа да қағазбастылыққа қатысты мәселелер біраз уақыт алады. Бірақ оған түсіністікпен қараймыз. Өйткені бұл – ең алдымен біздің қауіпсіздігімізге қатысты шаралар. Енді жаттығуды пысықтап, ел абыройын асқақтауымыз қажет», – дейді ұлттық құраманың мүшесі Зүлфия Ғабидуллина.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау чемпиондарды қарсы алды: Қазақстан әлемдік турнирде 13 алтын медаль алды

Мәскеуде 12 елден 730 спортшы қатысқан каратэ-до шотокан бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық каратэшілер керемет нәтижелер көрсетті. Қазақстан құрамасы 13...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img