spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
16.2 C
Kokshetau

А. Цой: қыркүйек айында барлық азаматтар егіледі деп үміттенеміз

Сондай-ақ...оқыңыз

Қыркүйекке қарай 10 млн қазақстандық егіледі. Алға осындай мақсат қойылды. Оны кейінге жылжыту қажеттілігі туындамай ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына осындай сұрақ қойылды. Алексей Цой мұның қажет болмайтынына үмітін білдірді.

«Қандай жағдай болмасын, қыркүйек айында барлық азаматтар вакцинацияланады деп үміттенеміз. … Біз, әрине, барлық азаматтардың қысқа мерзімде барынша егілгенін қалаймыз. Көріп отырғандарыңыздай, мемлекеттік органдардан басқа, белсенді ұстанымы бар көптеген азамат әлеуметтік желілерде вакцинаның пайдасы туралы жаза бастады. Демалыс кезеңі аяқталып, азаматтар жұмысқа, ұжымдарға барған кезде белсенді түрде егіледі деп үміттенеміз, бұл ретте адамдардың сана сезімі артады деп ойлаймыз, азаматтардың бір бөлігі вакцинацияланды. Қыркүйек-қазан айларында. Кем дегенде, үгіттеп, насихаттап жатырмыз, азаматтарды егілуге шақырамыз», – деп жауап берді елдің бас дәрігері.

Сонымен қатар, ол ауруханалардағы әріптестерінің бақылауларымен бөлісті – вакцинацияланған азаматтар екпе салдырмағандарға қарағанда COVID-19 жеңіл ауырады.

Айта кетейік, ДСМ күзде ревакцинация мәселесін шешпек. Алексей Цой Қазақстанда вакцинация ақпан айында басталғандықтан, ойлануға, дәлірек айтқанда, халықаралық тәжірибе мен зерттеулерді зерттеуге уақыт бар екенін мәлімдеді.

«Вакцинация бағдарламасы ақпан айында басталды, адамдардың басым бөлігі мамыр-шілде аралығында егілді, Қазақстанда вакцина алған азаматтардың иммунитеті айтарлықтай күшті. Халықаралық тәжірибені зерттеуге әлі де уақыт бар: ол қалай өтті? қандай вакциналар? әртүрлі вакциналарды салдыруға бола ма? қандай мерзіммен? Себебі қазір нақты ұсыныстар жоқ, тек бастапқы клиникалық зерттеулер ғана бар, біз дәлелденген ақпаратқа сүйенуіміз керек. Толық іздеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, барлық құзыретті органдарға жүгіндік», – деп сендірді министр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика