spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолада демалыс күндері ғана 5 адам суға кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында төтенше жағдайлар қызметі дабыл қақты. Облыста тек өткен демалыс күндерінде ғана 5 адам суға батып кеткен. Олардың екеуі кәмелет жасына толмаған балалар болып шықты, деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткізілген брифинг барысында төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қанат Доспаев мәлімдеді.

Қайғылы қазаға ұшыраған бес адамның үшеуі өзге өңірлерден келгені белгілі болды.

«Оқиғалардың бірінде 21 тамыз күні Көкшетау қаласында №20 орта мектебінде оқитын 13 жастағы қыз бала Сандықтау ауданындағы, Лесное ауылына ата-анасына демалыс кезінде мал бағып кеткен әкесіне түстік ас апарып келе жатып Жыланды өзеніне аяқтарын жуып алмақ болып жатып суға құлап кеткен. Анасы қызын ұстауға үлгермей қалған. Дәл осы күні туған-туыстарымен Елордадан Талапкер ауылы маңындағы Есіл өзеніне демалысқа келген екі баланың бірі судың ортасына дейін барып кері қарай жете алмай батып кеткен. Баланың денесі Нұр-Сұлтан қаласының сүңгуірлерімен шығарып алынды», – дейді департамент басшысы Қанат Доспаев.

Бұдан бөлек Қоянды су қоймасында достарына демалуға келген 1979 жылғы әйел спирттік ішімдік ішіп суға түсіп, үрленген қайықпен серуендеу кезінде қатты желден қайық аударылып суға кеткен. Суда жүзе білгенімен әйел суға батып кеткен. Степногорск қаласы маңындағы Ақсу өзенінде де баласымен демалысқа келген әке ішімдік ішіп суға түсуге тыйым салынған жерде суға түсіп батып кеткен. Денесін судың арғы жағасына жүзіп кеткен досы қайтар кезде судың бетіне шығып жатқан денесін көрген. Талапкер ауылы маңында Есіл өзеніне дос-жарандарымен демалуға келген жігіт жалғыз өзі суға шомылып, бір мезетте көрінбей кеткен. Суға жүзе алмағандықтан демалуға келген достары құтқара алмаған болып шықты.

Ведомствоның мәліметінше демалыс күндері еріктілермен бірге 118 рейд ұйымдастырылып оған 300-ден артық адам жұмылдырылған. Нәтижесінде спирттік ішімдік ішіп суға түскен 33 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img