spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 8, 2024
9.9 C
Kokshetau

Көкшетауда мектепті тонаған күзетші ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда мектепті тонаған күзетші ұсталды. Күдікті ғимараттан 9 ноутбук, 3 планшет, 3 вебкамера және 3 құлаққапты жымқырған, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биыл 17 тамызда облыс орталығындағы учаскелік полиция инспекторына жергілікті мектептердің бірінің директорынан арыз түсті.

Директордың сөзінше, биылғы жылғы тамыздың 13-15 күндері аралығында мектептен 9 ноутбук, 3 планшет, 3 вебкамера және 3 құлаққапты белгісіз біреу қолды қылған. Келтірілген шығын көлемі 1,4 миллион теңгеден асады.

«Жедел іздестіру шарасы барысында осы мектептің үш күзетшісінің бірі ұсталды. 28 жастағы ер адам қылмысын мойындады», – деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осы қылмысқа қатысты Қылмыстық кодекстің 188 бабының 1-ші бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге «келу міндеттемесі» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жетістікке апарар жол

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Жетістікке апарар жол» атты қазақ боксшысы, 2013 жылғы Азия чемпионы, Бүкіләлемдік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img