spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
8.3 C
Kokshetau

Дәріханадағы ұрлық: Келушінің жеке заттарын ұрлап кеткен

Сондай-ақ...оқыңыз

Степногорск қаласында дәріханаға келген әйел шығын сомасы 180 мың теңгені құрайтын жеке заттарын ұрлатып алды,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі полициясы басқармасына сілтеме жасап. 

Степногорск қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 40 жастағы қала тұрғыны қаланың дәріханаларының бірінде белгісіз тұлға ldf ұялы телефонның және балалар күртешесі болған рюкзакты ұрлағаны туралы өтінішпен жүгінді. Шығын сомасы 180 мың теңгені құрады. Әйел дәрі-дәрмек сатып алуға келгенін және рюкзакты кассаның алдындағы сөреге қойғанын айтты, ал өзі одан әрі витринаға өтті. Бұл кезде біреу оның рюкзагын ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын сотталмаған 45 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Әйел өз кінәсін мойындап, осы кезде дәріханада болғанын айтты. Әйелді алаңдатқан сәтті пайдаланып, оны ешкім байқамайтынына көз жеткізіп, қаскүнем бөтеннің рюкзагын алды. Кейінірек оның ішін қарап, телефондарды тауып, әйел оларды сатуды жоспарлады. ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Процессуалдық мәжбүрлеу шарасы «келу міндеттемесі» таңдалды,-делінген хабарламада.

Қазір тергеу жалғасуда.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img