spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
10.2 C
Kokshetau

19 тамызға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер 19 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек республиканың оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыс таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен найзағаймен жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшейеюі, оңтүстікте шаңды дауыл, орталығында, шығысында және оңтүстігінде бұршақ жауады, солтүстікте және орталықта түңгі және таңғы сағаттарда тұман түседі», – делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ жауады, түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ жауады, солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады, солтүстік-шығыста және оңтүстік-батыстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде солтүстікте, күндіз Павлодар облысының шығысында найзағай ойнайды, жел 18 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында, күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с соғады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында өте қатты ыстық сақталады, Ақтөбеде, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Қостанай облысында қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика