spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Қосшы қаласына алғашқы прокурор тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Жүсіп Ерболат Қосшы қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Жүсіп Ерболат Еркінұлы 1979 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Прокуратура органдарындағы қызметін 2001 жылы бастаған. Батыс аймақтық көлік прокуратурасының бөлім бастығы, Ақмола облысы прокуратурасының, Бас көлік прокуратурасының Басқарма бастығы, СҚО Уәлиханов ауданының прокуроры, Ақмола облысы прокуратурасының Басқарма бастығы – Аппарат басшысы қызметтерін атқарған. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

Еске сала кетсек, 27 шілдедегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлығына сәйкес Қосшы ауылы облыстық мәртебесі бар қалаға айналды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img