spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.5 C
Kokshetau

Түстік асымен бірге колонияға есірткі мен насыбай өткізбек болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада колонияның өндірістік аймағына 10 қорап насыбай мен есірткі алып өтпек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы Ақмола облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«45 жастағы ер адам ҚАЖ департаментінің аумағындағы жеке кәсіпкерлердің бірінде жұмыс істейтін болып шықты. Ол колонияның ішіне қолындағы түстік асымен бірге 10 қорап насыбай мен үш грамнан артық гашиш алып өтпек болды. Алайда, бақылау және өткізу бекетінде мекеменің бақылау тобының қызметкерлерімен ұсталды», – дейді Ақмола облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен.

Колонияның өндірістік аймағында бірнеше жылдар бойы жұмыс істеп, соңғы күндері шебер болып тағайындалған соң ол өзіне сенімді болыпты.

Қазір аталған факт бойынша материалдар жинақталып сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика