spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
16.2 C
Kokshetau

Қосшы қаласына алғашқы прокурор тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Жүсіп Ерболат Қосшы қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Жүсіп Ерболат Еркінұлы 1979 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Прокуратура органдарындағы қызметін 2001 жылы бастаған. Батыс аймақтық көлік прокуратурасының бөлім бастығы, Ақмола облысы прокуратурасының, Бас көлік прокуратурасының Басқарма бастығы, СҚО Уәлиханов ауданының прокуроры, Ақмола облысы прокуратурасының Басқарма бастығы – Аппарат басшысы қызметтерін атқарған. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

Еске сала кетсек, 27 шілдедегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлығына сәйкес Қосшы ауылы облыстық мәртебесі бар қалаға айналды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанда АЭС қолдаушыларының саны артып келеді – сауалнама

Фото : Pixabay Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша «Демократия институты» ҒЗҚ ҚҰ 2024 жылғы 18...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img