Биылғы жылы Ақмола облысында жазғы оқушы тапшылығынан 4 бастауыш мектеп жабылып қалды. Бұл туралы брифингте Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов айтты, деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Бұланды ауданының Ұлтуған және Елтай ауылдарындағы бастауыш мектептер, Бурабай ауданының Шиелі ауылындағы бастауыш мектеп, Шортанды ауданының Новопервомайка ауылындағы бастауыш мектеп жабылды.
«Онда оқитын азын аулақ оқушылар жақын маңдағы мектептерге бөлінді. Оларды тасымалдау жергілікті басқарушы органдар тарапынан шешілді. Шектеу шаралары жағдайында оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда», – деді Валерий Гамазов.
Биылғы жылдың 26 мамыры мен 19 маусымы аралығында оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін барлық тілек білдірген оқушыларға жазғы мектеп ұйымдастырылды.
Еске сала кетсек, биыл жаңа оқу жылында облыстың 552 мектебіне 130 мыңнан астам оқушы келеді, олардың 13659-ы бірінші сынып оқушылары.