spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-4.2 C
Kokshetau

Көкшетауда алкоголь өнімдерін шығаратын жалған цех анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда алкоголь өнімдерін шығаратын жалған цех анықталып, 200 литр спирт тәркіленді, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

15 тамызда Көкшетау қаласының Гоголь көшесінде ер адамның алкоголь өнімдерін заңсыз сатумен айналысатыны туралы ақпарат түскен.

«Полиция қызметкерлері 16 тамызда айтылған мекенжайда алкоголь өнімдерін құю цехын анықтады. Жерасты цехын облыс орталығының 50 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Цехты тексеру барысында полиция 200 литр этил спиртін, 40 блок контрафак темекі өнімін және алкоголь құюға арналған арнайы ыдыстарды тапты», – деді ведомстводан.

Тәркіленген сұйық үлгілері сараптамаға, сондай-ақ тұтынушылар денсаулығына қауіптілігін анықтау тұрғысынан зерттеуге жіберілді. Материал Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика