spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Жақия қажы мешіті қаланың ең сәулетті ғимараттарының біріне айналды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласындағы ескі Жақия қажы мешітінің жанынан бой көтерген  жаңа мешіт қаланың сәулетті ғимараттарының қатарынан орын алды. Жаңа мешіттің құрылысын жүзеге асыру барысындағы жұмыстар мен ондағы жалпы көрсетілетін қызметтер жөнінде «Aqmola News» ұжымы танысып қайтты.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

 Аталмыш мешіттің найб имамы Рысбек Азаматұлы мешіт құрылысын «Алуа строй» құрылыс компаниясы жүзеге асырғанын айтты. Ішкі көрінісі мен сырт келбеті ерекше көз тартатын мешіттің сызбасын жасаушы сәулетшілер де компания тарапынан тағайындалған.

Ал, мешіт құрылысына жұмсалған қаражат жеке кәсіпкерлер мен демеушілердің тарапынан төленген.

600 орынға лайықталған мешіт үш бөліктен тұрады. Астыңғы бөлігінде бір мезгілде алпысқа жуық адам тамақтана алатын асханасы, екінші қабатында ерлерге арналған намаз озу залы болса, ал үшінші қабатында әйелдерге арналған орындар бар.

Мешіт сыртындағы азан шақыру мұнарасының биіктігі шамамен 12-13 метр.

Мұнда имам, найб имам, ұстаз, азан шақырушы, күзетші сияқты барлығы жеті адам жұмыс істейді. Мешітте діни мейрамдар мен рәсімдерге қатысты барлық жол-жоралғылар орындалады.

Қазіргі пандемия жағдайында жұма намазы мешіт сыртында оқылуда. Егер күн райы қолайсыз болса, ара қашықтық сақталып намаз іште оқытылады. Есіктің кіре берісінде дене қызуын өлшейтін құрылғы орнатылып, антисептиктер қойылған,-дейді Жақия қажы мешітінің найб имамы Рысбек Азаматұлы.

Оның айтуынша, бүгінде мешітке келушілердің қатары артып келеді. Бұл жерде ұлтына, нәсіліне, көзқарасына қарамастан, қызмет көрсетіледі. Келушілер намаз оқып, уағыз тыңдап, мешіттің ішкі сәулетімен таныса алады.

Мешітте балаға азан шақырып ат қою, аруақтарға құран бағыштап, садақа беру жүзеге асырылады. Діни мейрамдарды атап өтуге, жерлеу рәсімдеріне қатысты кеңестер айтылып, шариғат заңдарына сәйкес, дұрыс-бұрыстығы түсіндіріледі.

Сонымен қатар мешітте бүгіндегі он жеті бала діни сауатын ашып, имамдардың арнайы қурсынан өтуде. Оның төртеуі қыз бала. Қыздарға әйел ұстаз сабақ берсе, ұл балалар ер мұғалімдерден дәрістер алуда.

Егер кімде кім балаларын мешіт курсына жаздырғысы келсе, мешітке келіп дәріс барысымен танысуына болады. Мұнда балаларға алдымен арап әлбиін үйретіп, дін ғылымына қатысты дәрістер оқылады. Әзірге мешіт кітапханасы толықтырылған жоқ. Біз ҚР дін ісері басқармасына тапсырыс беріп қойдық. Алдағы уақытта мешіт діни әдебиеттермен толығады,-дейді Рысбек Азаматұлы.

Сонымен қатар найб имамның айтуынша, мұнда балалардың діни сауатытын жетілдірумен қатар, ұстаздар ең алдымен патриоттық тәрбиеге де мән береді. Олардың бойына жастайынан Отансүйгіштік сезімдерді қалыптастырып, тілге, жер Анаға, салт-дәстүрімізге, ұлттық құндылықтарымызға құрмет көрсету қағидаттары үйретіледі.

Мектеп жасындағы балаларға сауат ашу курсы кезінде ислам әдептері қамтылып, ас адамның арқауы дегенге сәйкес, ысырап етпеу, бой тазалығын сақтау, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты қасиеттерді қалыптастыру бойынша дәрістер айтылады,-деді найб имам сұқбат барысында.

Еске сала кетсек, Жақия қажы мешіті қаладағы екінші мешіт. Науан қазірет атындағы орталық мешіт те ақмолалықтар үшін Жаратқанға құлшылық жасайтын сүйікті орны ретінде қызмет етіп келеді.

Дерек үшін:

Ескі Жақия қажы мешiтiнің құрылысы Көкшетауда шамамен 1903 жылы басталып, 1904 жылы аяқталған. Мешітті Шаяхмет, Баязит деген қала байлары жұртшылық қолдауымен салдырған. Мешіт 1886 жылдың өзінде өз үйінде мектеп ашқан молда Науанбай Таласов атымен аталған.

Қазіргі уақытта бұл ескі мешіттің мұражай ретінде құрылысы сақталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img