spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-5.8 C
Kokshetau

Елбасы кітапханасы: Абайдың шығармашылық мұрасы қазақ халқының тарихы мен мәдениетін байытты (ВИДЕО)

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақтың ұлы ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл толуына орай Елбасы кітапханасы бейнеролик дайындады,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Абайдың шығармашылық мұрасы қазақ халқының тарихы мен мәдениетін байытып, оның ешқашан маңыздылығын жоғалтпайтын нағыз рухани игілігіне айналды.

Ақын ретінде Абай қазақтардың суырып салма өнерінің тақырыбын кеңейтіп, оған түрлі жанр мен қалып енгізіп, классикалық поэзия деңгейіне көтерді. Абай Құнанбайұлының бай мұрасы әлемдік мәдениет тарихында тамаша құбылыс саналады. Көрнекті ойшылдың шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Абай аманаты» мақаласында былай дейді: «Ұлы ақын, дана ойшыл Абай ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы Ағартушылық немесе Ояну дәуірінің көшбасшысына, елдің болашақ бағдарын айқындап берген рухани темірқазығына айналды… Абайдың сөзі мен ойы біздің күнбе-күнгі тірлігімізге, өркенді өмірімізге кірпіш болып қаланып, бүгінгі өркениет пен алдағы болашақ талабына лайық ұмтылыстарымыздан және игі істерімізден нақты көрініс табатынына кәміл сенемін».

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика