spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында «алқаптан сөреге дейін» жобасы жүзеге асырылуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Өткен жылы Мемлекет басшысы «алаңнан сөреге дейін» жобасының идеясын жария етті. Оның мәні фермерлерге өсірілген өнімді еш қиындықсыз және артық шығынсыз тұтынушыларға сатуға көмектесу, деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ «пилотқа» кірмегенімен, ақмолалықтар Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары кәсіпкерлерінің тәжірибесін қолдануға шешім қабылдады. Степногорск тұрғындары өткен жылы іске қосқан «алқаптан сөреге дейін» жобасын жүзеге асыру өз нәтижесін беруде. Бизнес-идеяның авторы және «Ар-Ай» кооперативінің жетекшісі Гүлмайра Баймақова болса, «зәкірлі» кәсіпорын оның отбасына тиесілі «Олжас» шаруа қожалығы. Жобаға «Бастау» жобасының түлектері де қосылды. Өмірзақ Өтелов пен Бахром Андақұлов жобаға 7 млн теңгеге жуық өз қаражатын салды.

Өткен жылы кооператив мүшелері 3,5 га картоп, 0,5 га сәбіз және қызылша отырғызды. Ал ағымдағы жылы егістік алқабы 10 га дейін ұлғайды, сонымен бірге, қияр, қырыққабат, қызылша, сәбіз, шалғам, картоп сияқты көкөністердің ассортименті де ұлғайды.

«Қазіргі уақытта біз орташа есеппен күніне бір жарым тонна көкөністі жөнелтеміз. Мысалы, қияр 400 кг, қырыққабат 700 кг шамасында жиналды. Ұйымдастырылған өткізу нүктелерінен басқа өнімдер тікелей астаналық базарларда сатылады, Сонымен бірге, тауарлар Степногорск әкімдігі ұйымдастыратын жергілікті жәрмеңкеге қойылады», – деді Гүлмайра Баймақова.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Ақмола облысы да пилоттық жобаға енуді жоспарлап отыр, осыған байланысты ауыл шаруашылығы министрлігіне бюджеттік өтінім жолданды. Азық-түлік тауарларын тұрақты сатып алуды қамтамасыз етуге ішкі сауданың 13 субъектісі қатысады деп күтілуде. Сауда желілері үшін өнім өндіру процесіне 10 шаруа қожалығын, 12 аграрлық өнім өндірушіні, 10 қайта өңдеу кәсіпорнын тарту жоспарлаған. Ақмола облыс бойынша кәсіпкерлер палатасында атап өткендей, болашақта жоба жеке аулаларға, шаруа-фермерлік шаруашылықтарға өз өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Соңғы нәтижеге ынталанған бірден бірнеше қатысушының кооперациясы өндірістік-өткізу тізбегіне енеді: тұтынушылар сапалы және қымбат емес өнім алады, ал өндірушілер лайықты төлем алады», – деп атап өтті ӨКП директоры Ерқанат Мұсылманбек.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img