spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Түрмедегі күйеуімен жалған ПТР анықтамасы арқылы жолықпақ болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының түрмесінде жазасын өтеп жатқан ер адамға кездесуге елордалық әйелі келді. Құжатын ұсыну кезінде әйелдің ПТР тесті жалған болып шықты, деп хабарлайды облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, әйел ұсынған ПТР тест анықтамасына мекеме қызметкерлері күмән келтірген. «35 жастағы астаналық әйел анализ тапсыру және дайын анықтаманы алу күніне назар аудармаған. Осыған байланысты кездесуге тыйым салынып, ПТР тест анықтамасын берген зертханаға құжатты растау туралы сұрау жіберілді. Көп ұзамай кездесуге келген әйелдің қызметке жүгінген клиенттер базасында тіркелмегені анықталды», – деді ведомстводан.

Қазірге кезде әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/akmola-oblysynda-ayel-turmedegi-kuyeuimen-kezdesu-ushin-zhalgan-ptr-anyktama-usyngan_a3823398

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img