spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.5 C
Kokshetau

Целиноградтық жас белсенділер марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Халықаралық жастар күнін мерекелеу аясында Целиноград ауданында қоғамдық және мәдени өмірге белсенді қатысатын және өңірдің дамуына үлес қосатын жастар өкілдеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы.

Іс-шараға қатысушыларды Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Алма Айткужинова мерекемен құттықтады.

«Еліміздің болашағы білімді және талантты жастардың қолында. Бүгінгі таңда қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланған жастар алдыңғы ұрпақтың жолын жалғастырып, елдің дамуы мен гүлденуіне үлес қосуда. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында жаңа белестерді бағындырып, Отанымыздың өркендеуі жолында зор табыстарға жететіндеріңізге сенімдімін», – деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары.

Іс-шара барысында Алма Айткужинова аудан әкімінің белсенді жастарға, соның ішінде волонтерлер мен түрлі қызмет салаларының өкілдеріне алғыс хаттар табыс етті.

Марапатталғандардың арасында Целиноград ауданы Ақмол ауылдық округінің учаскелік инспекторы Ақылбек Тасболатов бар. Ауыл тұрғындарының өздері атап өткендей, жас жігіт ерлік пен батырлықтың жарқын үлгісін көрсетіп, офицерлік шенді абыроймен атқарып жүр. Ол қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуден басқа, ауылдың әлеуметтік өміріне, ауданның мобильді мониторингтік тобының жұмысына қатысады.

Аудан жастарының көрнекті өкілдерінің бірі Целиноград балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің маманы Бексұлтан Матмұратов. Жас жігіт карантин кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік тауарларын, сондай-ақ зейнеткерлерге дәрілік препараттарды жеткізу бойынша көмек көрсетті.

Айта кетейік, ауданда 14 пен 29 жас аралығындағы 17 000-ға жуық жастар тұрады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика