spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Жас шортандылықтар Қазақстан Республикасы Чемпионатының жүлдегерлері атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Спорт күні мен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай аудан әкімінің орынбасары Мерей Ақшалов жас шортандықтарды Муай тай бойынша ел чемпиондарын құттықтады,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі ауданының дене шынықтыру және спорт бөліміне сілтеме жасап. 

Ағымдағы жылы Алматыда Муай тай бойынша балалар арасындағы Қазақстан чемпионаты өткізілді. Екиджи Ахмет пен Жарқынбек Оразалы 51 келі және 38 келі дейінгі салмақ санаттарында 10-11 жас аралығында чемпион атанды.

Мырзабеков Үлгерек 12-13 жас санатында 56 келіге дейін өнер көрсетіп, екінші орынға ие болды, Мырзабеков Ислам 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды, Қаппас Ерсұлтан 8-9 жас санатында 27 келіге дейін үшінші орынға ие болды. Жигерхан Айзада Петропавл қаласында өткен Муай тай бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында 51 келіге дейінгі 14-15 жас санатында үшінші орын алды.

Олардың барлығы Шортанды БЖСМ жаттықтырушысы Жандос Есенамановтың тәрбиеленушілері. Жандос Қайырбекұлы – тай боксынан спорт шеберіне үміткер, Киокушинкай каратеден қара белбеуі бар. Бірнеше рет оның басшылығымен балалар киокушинкай каратэ мен муай тайдан Қазақстан Республикасы чемпионаттарының жүлдегерлері болды.

Шортанды ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img