spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
18.2 C
Kokshetau

Шортандыдағы «Төңкеріс» астық қабылдау кәсіпорны тәулігіне 150 тонна ұн шығарады

Сондай-ақ...оқыңыз

Шортанды ауданындағы «Төңкеріс» астық қабылдау кәсіпорны тәулігіне 200 тонна бидай өңдеп, 150 тонна ұн өндіреді. 15 тамыздан бастап кәсіпорын астық қабылдауға дайын. Бұл туралы «Тонкерис» АҚ технологы Дмитри Майдан өңірге баспасөз туры кезінде айтты, деп хабарлайды «Aqmola News»АА.

Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округінің «Төңкеріс» астық қабылдау кәсіпорны қызметінің негізгі түрі – ұн өндіру. Сондай-ақ, астық осында жиналып сақталады. Жалпы ауданы-59 гектарға жуық. Диірмен кешені Түркияның өндірістік жабдықтарынан тұрады. Элеваторда Аргентина өндірісінің «СЕДАР» фирмасының екі астық кептіргіші бар. Астықты сақтау үшін ірі баррельдер қойылған. Сондай-ақ, екі қойма бар. Ұн «Ақ Жол»маркасымен шығады.

 

Мұнда жоғары, бірінші, екінші сорт ұн шығарылады. Негізінен, таяу шетелге – Ауғанстан, Өзбекстан, Тәжікстанға экспортқа кетеді, қазір Түркіменстанмен мәселе шешілуде. Кәсіпорын тәулігіне 200 тонна бидай өңдейді, 150 тонна ұн өндіреді.

«Пандемияға байланысты біздің шетелдік серіктестеріміз тұрақсыз жұмыс істеді. Дағдарыс және экспорттық проблемалар бар, бірақ қазір бұл мәселе шешілуде, қолдау бар. Астықты қабылдауға дайындық жүріп жатыр. Жабдықты жөндейміз, жаңғыртамыз. 15 тамыздан бастап бидай қабылдауға дайын боламыз. Бидайдан басқа, арпа, майлы дақылдар аламыз», – дейді кәсіпорын технологы.

Астық қабылдау кәсіпорнының басқалардан басты айырмашылығы-испан өндірісінің жабдықтары. Сондай-ақ, мұнда бидай тез қабылданады, кептіріледі және қосымша жұмыстар жасалады. Сонымен қатар мұнда 60 мың тонна астық сақтауға болады. Өткен жылы 160 мың тонна бидай қабылданып, қайта өңделді.

«Бұл жерде 60-тан астам адам жұмыс істейді. Кадрлардың жетіспеушілігі де жоқ емес, әсіресе білікті мамандар – операторлар, операторлардың көмекшілері, жұмысшылар мен инженерлер жетіспейді. Мемлекеттен қолдау бар. Осылайша, «Агрофинанс» жабдықтар сатып алу бойынша бізді қаржыландырды», – деп толықтырды технолог.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img