spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-11.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандар саны соңғы аптада өсті – бас дәрігер

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында инфекциялық төсек орын саны 2475-ке дейін ұлғайтылды, қазіргі таңда оның 63 пайызында науқастар жатыр. Сонымен бірге, жансақтау бөлімінде де төсек орын 190-ға дейін ұлғайтылды, онда 161 науқас ем қабылдауда. Бұл туралы Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, Ақмола облысындағы эпидемиологиялық жағдай нашарлай түсуде. Күн сайын стационарлық медициналық көмекке жүгінетін науқастар саны артып келеді.

«Коронавирупен ауыратын науқастарға стационарлық медициналық көмекті бүгінде 25 медициналық ұйым көрсетеді. Инфекция жұқтырғандарға арналған төсек орын саны 2475-ке дейін кеңейтілді, оның 1560-ы немесе 63 пайызында науқастар жатыр, реанимациялық төсек орын да 190-ға дейін ұлғайтылды. 161 науқас жансақтау бөлімінде ем қабылдауда», – деді Н. Сыздықов.

Ол атап өткендей, өңірде өлім жағдайларының саны да артып келеді. Бүгінгі таңда аймақта КВИ-ден 166 өлім тіркелді. Қазір стационарлық емде 1560 науқас, 3762 науқас амбулаторлық ем қабылдауда. Жалпы жағдайлардың ішінен өзін – өзі жүгінген кезде 17936 (57%), байланыста болғандар арасында – 10324 (33%), профилактикалық скрининг барысында-3088 (10%) анықталды. Соңғы аптада өңірде COVID-19 – дың 1822 жағдайы тіркелген, алдыңғы аптада-1803 жағдай, 19 жағдайға өсім байқалады.

Соныен қатар, басқарма басшысы коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың арасында балалардың да барын атап өтті. Ауыр халдегі адамдардың шамамен 40 пайызы 50 жасқа дейінгі адамдар. Балалар арасында да ауру жағдайлары бар, бірақ, қазіргі кезде олардың саны төмендегені байқалады. Облыстық аурухананың инфекциялық стационарындағы 15 төсек орынның тек алтауы ғана жұмыс. Алайда, аймақта балаларды емдеу әлі де жалғасуда.

«Ақмола облысында бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын 265 жағдайы тіркелді, бірақ мамандардың пікірінше, емханалар мен жедел жәрдем қызметіне жүгінгендерді ескергенде науқастардың саны екі, үш, мүмкін бес есеге көп болуы мүмкін», – деп түйіндеді өңірдің бас дәрігері.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img