Ақмолада «Қару» жедел-профилактикалық алдын алу шарасының екі күнінде облыстың екі өңірінен тіркелмеген мылтықтар тәркіленді, деп хабарлайды « Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ 9 тамызда Жақсы ауданы полиция бөліміне арыз жазған 43 жастағы азамат темір-терсек қабылдау пунктінен арасынан тауып алған артиллериялық снарядты ерікті түрде тапсыруға арыз берген. Аталған факт бойынша сараптама тағайындалған. Сондай-ақ Бурабай ауданының 62 жастағы тұрғыны 32 және 12 калибрлі 33 оқ пен сыйымдылығы 250 грамм 5 металл банкаларын тапсырды.
Жалпы өткен кезеңде ақмолалық полицейлер заңсыз айналымда жүрген 17 шиті мылтық, оның ішінде тегіс ұңғылы 11 мылтық, 6 газды қару, иір ойықты қарудың 20 оқ-дәрісі мен тегіс ұңғылы мылтықтың 33 және газды қарудың 3 оқ-дәрісі тәркіленген.
Қару-жарақ пен жарылғыш заттарды сақтауы мүмкін күдікті адамдарды криминалды полиция қызметкерлері сондай-ақ тіркелген мылтық иелері мен мамандандырылған дүкендер мен күзет фирмалары да тексерілуде.
«Қазіргі сәтте 49 қару-жарақ иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 38-і қаруды сақтау ережесін бұзса, 11-і қару-жарақты тіркеу және қайта тіркеу ережелерін бұзған болып шықты», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Полицейлер мұндай акциялар тіркелмеген заңсыз айналымдағы қару-жарақтарды барынша көп бөлігін тәркілеуге мүмкіндік беретінін айтады. Әдетте мұндай тізімде тегіс ұңғылы және жарақат салатын пистолеттер көш басында болып тұр.