spot_img
Жұма, Мамыр 23, 2025
12.2 C
Kokshetau

«Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолындағы апат салдарынан үш адам көз жұмды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды, тағы 3 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Жол апаты тамыздың 9-да сағат 12:10-да «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 179 шақырымында болды.

«Анықталғандай, Нұр-Сұлтан қаласының 43 жастағы тұрғыны басқарған «Шкода» автокөлігінің жүргізушісі арақашықты сақтамай бір бағытта жүріп келе жатқан ZAZ Chance көлігімен соқтығысқан. Салдарынан ZAZ Chance көлігіндегі 24, 27 және 29 жастағы үш жолаушы (Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары) оқиға орнында көз жұмды. Ал, осы көліктің 23 жастағы жүргізушісі мен «Шкода» автокөлігінің 18 және 19 жастағы жолаушылары Бұланды аудандық ауруханасына жатқызылды», – деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, «Шкода» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика