spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-32.1 C
Kokshetau

Ақмолалық полицейлер тіркелмеген қару-жарақтарды тәркілеу акциясын жалғастыруда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада «Қару» жедел-профилактикалық алдын алу шарасының екі күнінде облыстың екі өңірінен тіркелмеген мылтықтар тәркіленді, деп хабарлайды « Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ 9 тамызда Жақсы ауданы полиция бөліміне арыз жазған 43 жастағы азамат темір-терсек қабылдау пунктінен арасынан тауып алған артиллериялық снарядты  ерікті түрде тапсыруға арыз берген. Аталған факт бойынша сараптама тағайындалған. Сондай-ақ Бурабай ауданының 62 жастағы тұрғыны 32 және 12 калибрлі 33 оқ пен сыйымдылығы 250 грамм 5 металл банкаларын тапсырды.

Жалпы өткен кезеңде ақмолалық полицейлер заңсыз айналымда жүрген 17 шиті мылтық, оның ішінде тегіс ұңғылы 11 мылтық, 6 газды қару, иір ойықты қарудың 20 оқ-дәрісі мен тегіс ұңғылы мылтықтың 33 және газды қарудың 3 оқ-дәрісі тәркіленген.

Қару-жарақ пен жарылғыш заттарды сақтауы мүмкін күдікті адамдарды криминалды полиция қызметкерлері сондай-ақ тіркелген мылтық иелері мен мамандандырылған дүкендер мен күзет фирмалары да тексерілуде.

«Қазіргі сәтте 49 қару-жарақ иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 38-і қаруды сақтау ережесін бұзса, 11-і қару-жарақты тіркеу және қайта тіркеу ережелерін бұзған болып шықты», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Полицейлер мұндай акциялар тіркелмеген заңсыз айналымдағы қару-жарақтарды барынша көп бөлігін тәркілеуге мүмкіндік беретінін айтады. Әдетте мұндай тізімде тегіс ұңғылы және жарақат салатын пистолеттер көш басында болып тұр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика