spot_img
Жексенбі, Тамыз 24, 2025
22.2 C
Kokshetau

Сандықтауда дүкеннен ақша жымқырған ұры ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

 Сандықтау ауданы Веселое ауылындағы жергілікті дүкендерінің бірінен ақша ұрланғандығы туралы хабарлама келіп түскен соң, учаскелік инспекторының көмегімен ұрлық әшкере болды,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Полицияға дүкеннің 53 жастағы иесі белгісіз тұлға сатушыдан 10 мың теңге көлемінде ақша қаражатын жымқырғаны туралы арызданған.

Полиция аға лейтенанты Айсин Мақсат ауланы аралау нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын сотты болмаған 61 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, ол өз ісін мойындады. Дүкенде болған кезде ауыл тұрғыны сатушы қосалқы бөлмеге кеткен сәтті пайдаланып, кассадан ақша ұрлаған. ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі «ұрлық»бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Келу міндеттемесі түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде,-делінген хабарламада.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика