spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Қазақстанда 30 жылда 1,5 млн адам баспаналы болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда соңғы 30 жылда 169 млн шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салынып, 1,5 млн адам баспана жағдайын жақсартты. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету көлемі 18 жылдың ішінде бір тұрғынға шаққанда 34% артып, 21,9 шаршы метрге жетті. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру басталғалы (2017-2020 жылдар) 52 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 470 мың баспана салынды. Тұрғын үй құрылысына 3,6 триллионнан астам қаражат тартылды. Оның ішінде 864 млрд теңге – мемлекеттік инвестиция. Ал жеке инвестиция мемлекеттік қаражаттан 6 есе артық болды. Биыл еліміз бойынша 17 млн шаршы метр тұрғын үй (163,1 мың баспана ) салу жоспарланып отыр.

«Бұдан бөлек, тұрғындардың өмірін жайлы ету мақсатында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық секторды және тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша 132,9 млрд теңгеге 572 жоба іске асырылып, 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды», – делінген министрлік ақпаратында.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img