spot_img
Жексенбі, Шілде 6, 2025
25.2 C
Kokshetau

Жалған вакцина паспорты мен ПТР-анықтамасын қолдан жасаған 20 медицина қызметкері ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Елімізде 20 медицина қызметкері вакцинация паспорты және ПТР-анықтамасын қолдан жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицейлер медициналық құжаттарды ұсынудың барлық схемалары анықталғанын айтты. Кейбір туроператорлар жалған вакцинация төлқұжаттарын дайындаумен және сатумен айналысқан. Қолдан жасалған құжаттарды теміржол вокзалдарында, әуежайларда және мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде де сатқан.

«28 адамның ПТР-анықтама мен вакцина паспортын қолдан жасағаны анықталды. Оның ішінде 20 – медицина қызметкері, 8 – делдал. Сонымен қатар әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жалған вакцина паспорты мен ПТР-анықтама сатылатыны туралы 70 хабарлама анықталды, оның 37-сі бұғатталды», -деді Нұрділдә Ораз брифингте.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі осы санаттағы істер бойынша тергеу-сот практикасы қалыптасқанын атап өтті. Заңды күшіне енген сот актілері бар. Төрт қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шықты.

«43 қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері және сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Олар аяқталғаннан кейін күдіктілердің іс-әрекеттерін құқықтық бағалай отырып, іс жүргізу шешімдері қабылданады. Осыған ұқсас барлық қылмыстық істі тергеу бақылуға алынған», – деді Н.Ораз.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда: Көкшетауда 150 орындық оңалту орталығы салынып жатыр

Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. 150 орындық бұл жаңа нысан денсаулығын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика