spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.9 C
Kokshetau

Көкшетауда «Absheron» дәмханасының шатыры қызыл жалынға оранды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаудың орталығында «Absheron» дәмханасынан өрт шықты, деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

9 тамыз сағат 16.25-те «101» пультіне Көкшетаудағы Абай даңғылы, 82 мекен-жайындағы («Алтын ғасыр» СҮ) «Absheron» дәмханасынан өрт шыққаны туралы хабар түсті.

«Оқиға орнына ТЖД 17 қызметкері мен 4 техника жіберілді. 12 шаршы метр аумақта дәмхананың шатыры жанып жатқаны белгілі болған. Өрт 16.38-де ауыздықталып, 16.50-де сөндірілді. Ешкім зардап шекпеген. Аталған факті бойынша өрт-техникалық зерттеу тағайындалды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деді Көкшетау қалалық ТЖБ бастығы Әсет Жақсылықов.

Өңір құтқарушылары жергілікті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, төтенше жағдай болғанда бірден «101» немесе «112» құтқару қызметіне хабарласуға шақырды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img