spot_img
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолалық садақшылар ел чемпионы атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматы облысының Талғар қаласында өткен жастар және кадеттер арасындағы садақшылар чемпионатында ақмолалық спортшылар түрлі деңгейдегі сегіз жүлдеге ие болды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жерлестеріміз төрт алтын, екі күміс және екі қола медальді қанжығаға байлап ел чемпиондары атанды.

«М1» жаттығуларында Мадина Заемова мен Андрей Тютин алтынанан алқа тақса, қола Елена Ноженконың еншісіне бұйырған.

         «Олимпиялық шеңбер» жаттығуында Андрей Тютинге қарсылас шақ келмеді. Екінші орынға Рудольф Вебер мен Мадина Заемова тұрақтады. Командалық есепте және МІХ жаттығуларында Андрей Тютин, Рудльф Вебер және Рақымбек  Майқыбаев алтыннан алқа тақты. Үздік үштікті Андрей Тютин мен Елена Ноженко түйіндеді», – дейді баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы спорт шебері нормативін Мадина Заемова және спорт шеберіне кандидат нормативін Айдана Әскербаева орындады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Есірткісіз өмір: таңдау сенде» есірткіге қарсы форумы өтті

«Заң және тәртіп» идеологемасын нығайту мақсатында Ақмола облысында Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледж студенттерінің қатысуымен есірткіге қарсы форум өтті....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика