spot_img
Бейсенбі, Мамыр 22, 2025
15.3 C
Kokshetau

5 тамызға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік пен орталықта ғана күн жауын-шашынсыз, ыстық болады.

Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, таңертең және күндіз Түркістан, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында шаңды дауыл тұрып, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жауады.

Маңғыстау облысының жағалауында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Атырау облысы, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика