spot_img
Жұма, Тамыз 22, 2025
18.2 C
Kokshetau

Еркін күрес: Данияр Қайсанов Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайтын Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. Ол 1/8 финалда жапон балуаны Отогуро Кейсукемен кездесті. Тартысты белдесу қазақстандық балуан Данияр Қайсановтың жеңісімен аяқталды.

Олимпиада ойындарының ширек финалында Данияр Қайсанов мысырлық Амр Реда Хуссенмен кездесіп, оны 8:5 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Данияр Қайсанов әлем чемпионы, ресейлік Заурбек Сидаковпен кездеседі. Белдесу Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-ге жоспарланған.

Еске салайық, Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық белдесуде қазақстандық Нұрислам Санаев жеңіліп қалды. Енді Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола медалі үшін күреседі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика