Көкшетаудағы көпқабатты үйден 27 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «Aqmola News»облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін, 4 тамыз күні Пушкин көшесіндегі көпқабатты үйдің 27 тұрғыны бірінші қабаттағы дүкендегі өрттен эвакуацияланды. Өрттің алдын ала себебі – тоңазытқыш қондырғыларының қысқа тұйықталуы. Таңғы 04.28 кезінде Ақмола облысы жедел басқару орталығының пультіне жоғарыда көрсетілген мекенжайда өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына дереу өрт сөндіру қызметінің күш-құралдары жіберілді. Шақыру орнына келген соң ақпарат расталды. Баспалдақ маршымен 27 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды. Өрт 20 минут ішінде сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. ТЖД 10 қызметкері мен 2 техникасы шықты,-делінген ведомстваның ақпаратында.
Ақмола ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.