spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қазгидромет: Қазақстанның бірнеше облысында аптап ыстық болады

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қазгидромет» РМК күнннің қатты ысуына байланысты республиканың 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Тамыз айында бірнеше өңірде 38 градусқа дейін ыстық болады – ҚР ТЖМ Қазақстанда алдағы үш тәулікте күн райы қандай болады 2 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде ерекше өрт қауіпі туындайды. Қызылорда облысында 2 тамыз күндіз жел солтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады да, соңғы шаңды дауылға ұласады.

Күндіз 42 градус аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 2 тамыз күні 41 градус қатты ыстық болады. Ақмола облысының кей жерлерінде 2 тамыз күні найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан кей жерлерінде 41 градус ыстық болады, төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай облысының кей жерлерінде 2 тамызда түнде және таңертең найзағай ойнайды.

Солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін аптап ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында 2-4 тамыз күндері күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. 2-4 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 2-4 тамызда облыстың басым бөлігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 2-4 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. 3-4 тамызда күндіз 38 градусқа дейін ыстық болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде 31 шілдеде мен 1 тамыз күндері 36 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 2 тамызда кей жерлерінде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазғанда күндіз 2 тамызда 36 градус қатты ыстық күтіледі. Түркістан облысында 2 тамызда күндіз 40 градус қатты ыстық болады. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 2 тамызда таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында 2 тамызда таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 2 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертен кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады. Петропавлда 2 тамызда түнде және таңертен тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. 2 тамызда Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз кей жерлерінде 35 градус аптап ыстық болады. Павлодар қаласында 2 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 18 м/с болады. Күндіз 1-5 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img