spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысында нысандар қатаңдатылған карантин режімінде қалай жұмыс істейді?

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында карантиндік шектеу шараларын одан әрі қатаңдату туралы жаңа қаулы жарияланды.

Жаңа құжатта қоғамдық тамақтану орындарында, үйде және ашық ауада банкет, мерейтой, үйлену той, ас беру секілді көпшілік жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Саябақтарға, алаңдарға және өзге де демалыс орындарында бір топта 3 адамнан артық болмауы қажет, бұл ретте бір отбасы мүшелеріне бірге жүруге рұқсат берілген.

Сонымен бірге, жаңа құжатта жұмыс істеуге рұқсат берілетін нысандар тізімі көрсетілген.

– Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары, мұнда бала саны 25-тен аспауы керек; – Қала маңына жүретін жолаушылар пойызы, электр пойызы;

– Толымдығы 30 пайыздан аспайтын балаларды сауықтыру ұйымдары;

– Онлайн өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда оффлайн отырыстар мен кеңестер;

– Діни нысандарда (мешіт, собор, шіркеу, синагог) бір адамға 4 шаршы метр аумақ бөліп, ғимарат жанындағы қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысын тоқтатқан жағдайда жұмыс істей алады.

Сондай-ақ, сенбі, жексенбі және мереке күндері жабылуы тиіс. Ашық ауада ұжымдық діни іс-шаралар, оның ішінде жұма намазы, күнделікті православие дұғалары және басқаларына рұқсат беріледі.

– Гүлдер дүкені, фотосалон, кітапхана, музей қызметтері;

– Сауда бутиктерінде, базарларда әлеуметтік қашықтық сақталып, бір адамға 4 шаршы метр аумақ бөлініп, жексенбі және мереке күндері жұмысын тоқтатқан жағдайда;

– Супермаркет пен гипермаркеттер жұмыс режимін сағат 24:00-ге дейін шектей отырып, келушілерді 30 пайыздан асырмай, бір адамға 4 шаршы метр аумақ бөлген жағдайда;

– Аумағы 500 шаршы метрден асатын сауда орталықтары коронавирусқа қарсы вакциналау пункттері орналасқанына қарамастан, сенбі, жексенді және мереке күндері жұмысын тоқтатады, келушілер санын 30 пайыздан асырмай, бір адамға 4 шаршы метр аумақ бөлуі қажет.

– Дәмхана, мейрамхана типі бойынша дүкендердегі барлар, жазғы алаңдар, стрит-фуд және қоғамдық тамақтану орындары көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, ұжымдық шараларды өткізбей, үстел арасында 2 метр қашықтық сақтап, толымдығын 50 пайыздан асырмай, сенбі, жексенбі және мереке күндері жабылған жағдайда таңғы 7:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Сағат 18:00-ден таңғы 7:00-ге дейін жеткізу қызметі ғана қолжетімді.

– Сауда орталықтарындағы фудкорт қызметі таңғы 10:00-ден 18:00-ге дейін тек жеткізу мен алып кету қызметін ғана жүргізе алады. Сенбі, жексенді және мереке күндері жұмысын тоқтатады.

– Асхана типі бойынша алкоголь өнімдері сатылмайтын тамақтану нысандары көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, ұжымдық шараларды өткізбей, , толымдығын 50 пайыздан асырмай, сенбі, жексенбі және мереке күндері жабылған жағдайда таңғы 7:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істей алады;

– Сұлулық салондары, шаштараз, маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық мекемелер санитарлық нормаларға сай келетін актісі болса, бір адамға 4 шаршы метр аумақ бөліп, креслолар арасында 2 метр қашықтық сақтай алса, алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді;

– Балалар кабинеттері, түзету орталықтары, балалар мен ересектердің білім орталықтары сенбі, жексенбі және мереке күндері жұмысын тоқтата отырып, алдын ала жазылу бойынша бір топта 15 адамнан асырмай жұмыс істейді;

– Медицина орталықтары, стоматология клиникалары және дәріханалар да қызметін жалғастырады; – Фитнес, йога орталықтары, жаттығу залдары мен спорт-сауықтыру орталықтары сенбі, жексенбі және мереке күндері жұмысын тоқтата отырып, жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, алдын ала жазылу бойынша келушілер санын 50 пайыздан асырмай, бір адамға 5 шаршы метр аумақ бөлген жағдайда жұмысын жалғастырмақ;

– Қоғамдық монша қызметі толымдығын 50 пайыздан асырмай, бір адамға 4 шаршы метр орын бөліп және жуыну уақытын 60 минутқа шектеу арқылы жұмыс істейді. Бұл ретте моншадағы демалыс бөлмесі мен ас ішетін орындары жабық болады;

– Сауналар мен СПА орталықтары, бассейндер толымдығын 50 пайыздан асырмай, бір адамға 4 шаршы метр орын бөліп және сенбі, жексенбі және мереке күндері жұмысын тоқтату арқылы жұмыс күндері сағат 20:00-гей дейін ашық болады;

– Туризм нысандары, қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар да жұмыс істейді және олардың толымдығы 80 пайыздан аспауы керек;

– Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор мен ұлттық компаниялар, кәсіпкерлік субьектілерінің жұмысына да рұсқат беріледі. Штаттық кестеде 20-дан астам адам болса, қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуі қажет. Коронавирусқа қарсы вакцина алған және соңғы үш айда ауырып шыққан қызметкерлерге кеңседе жұмыс істеуге рұқсат беріледі;

– Үздіксіз өндірістік циклы бар өнеркәсіп орындарына, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмысына рұқсат беріледі;

– Көлік салонында 2 клиенттен артық келуге болмайды, техникалық қызмет көрсету салонында 3 клиент қана тұра алады;

– Спортшылар мен жаттықтырушылар коронавиурсқа қарсы толық вакцина курсын алған жағдайда облыстық команданы дайындау үшін оқу-жаттығуларын қайта жандандыруға рұқсат беріледі;

– Бизнес орталықтары, сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, есепші, консалтинг, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары жұмысына бір адамға 4 шаршы метр аумақ бөлген жағдайда рұқсат беріледі;

– Туристік компаниялар, ломбард, айырбастау бекеттері, букмекер кеңселері де жұмыс істей алады; – «Қазпошта» АҚ мүмкіндігінше онлайн форматта және жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істеуі қажет;

– Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО, 1414 қоңырау орталығы және виртуалды ассистенттер жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін ашық болады;

Бұған дейін Ақмола облысында Қаулы бойынша жұмысы уақытша тоқталыған нысандар тізімі жарияланған еді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img