spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

30 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер жұма, яғни 30 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News».

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай соғады, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде бұршақ жауады. Тек еліміздің батысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ, шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде таңертең және күндіз бұршақ жауып, жел 18-23 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.

Күндіз Түркістан облысының кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 18 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img