spot_img
Дүйсенбі, Маусым 2, 2025
18.8 C
Kokshetau

Облыстық жедел жәрдем станциясы ақмолалықтарға үндеу жариялады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының жедел жәрдем станциясы облыс және қала тұрғындарына үндеу жариялады, деп хабарлайды, «Aqmola News». 

Құрметті Ақмола облысының және Көкшетау қаласының тұрғындары!
«Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы Сіздердің назарларыңызға бекітілген стандартқа сәйкес «Жедел медициналық жәрдем шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы ақпаратты ұсынады. Жедел медициналық жәрдем шақыру 103 нөмірі бойынша жүзеге асырылады.
Қызмет тәулік бойы және тегін көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі шақыру жеделдігінің санатына байланысты. І санат жедел жәрдем келу уақыты 10 минут. ІІ санат 15 минут. ІІІ санат 30 минут. ІV санат 1 сағат.
ІV санаттағы шақыртуға өздеріңіз бекітілген емхана жедел жәрдемі қызмет көрсетеді.
Жедел жәрдем шақырған кезде пациенттің аты-жөні, жасы, жынысы көрсетілуі тиіс. Пациенттің жай-күйі және ауыру мән-жайы, мекенжайы мен телефоны бойынша деректер, сондай-ақ пациенттің мекенжайына тез жету жолын хабарлау керек. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша жедел медициналық жәрдемді шақыру үшін Сіз 72-30-33 телефоны бойынша Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне жүгіне аласыз. Call- центр ОЖМЖС -72-32-86», делінген ведомствоның хабарламасында.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде

«30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады», деп хабарлайды . Акцияның мақсаты –...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика