Қазақстанда өткен тәулікте 7778 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды деп хабарлайды coronavirus2020.kz порталы.
Вирусты жұқтыру көрсеткіші бойынша Алматы қаласы бірінші орынға шықты. Жалпы, аймақтар бойынша көрсеткіш мынадай:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 1555
- Алматы қаласы – 1680
- Шымкент қаласы – 452
- Ақмола облысы – 272
- Ақтөбе облысы – 302
- Алматы облысы – 270
- Атырау облысы – 422
- Шығыс Қазақстан облысы – 261
- Жамбыл облысы – 215
- Батыс Қазақстан облысы – 189
- Қарағанды облысы – 931
- Қостанай облысы – 231
- Қызылорда облысы – 220
- Маңғыстау облысы – 230
- Павлодар облысы – 275
- Солтүстік Қазақстан облысы – 152
- Түркістан облысы – 121.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 564 885 адамға жетті. Олардың ішінде 467 972 адам ауруынан айығып шыққан.