spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмолалықтар жалақысы мен салықтарын мобильді қосымшадан тексере алады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының мемлекеттік кірістер департаменті «e-SalyqAzamat» мобильді қосымшасындағы «Қызметкердің еңбек төлемі» жаңа сервисі туралы ақпараттандырды. Мұнда әрбір қызметкер жеке кіріс салығы, зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік аударымдар мен медициналық сақтандыру аударымдары жайлы қарап отыруға мүмкіндік алады, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сервистік қызмет 2020 жылдан бері қолжетімді.

«Мәліметтер егер кіру электронды цифрлық қолтаңба немесе SMS құпиясөзді қолдану арқылы авторландырылған жағдайда жүзеге асырылады. SMS (ХҚКО-да) мобильді азаматтар базасында тіркелген мобильді телефон нөміріне түседі. Мәліметтерді қарау үшін  «Салық әмияны», «Қызметкердің еңбек төлемі» одан әрі жыл мен кезеңді таңдау керек», – дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінен.

Аталған мәліметтерді жұмыс берушілері жеңілдетілген декларация негізінде жалпыға бекітілген немесе арнайы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар қарай алады.

«Мәліметтер болмаған немесе сәйкес келмеген жағдайда жұмыс берушіге салық есептілігін түзетуге жүгіну қажет. «e-SalyqAzamat» тегін мобильді қосымшасын «AppStore» немесе «PlayMarket» арқылы жүктеуге болады», деп толықтырды ведомстводан.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img