«Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында Ақмола облысында 1 000-нан астам іс-шара жүзеге асырылды, 9500 жалғыз тұратын адамға әлеуметтік көмек көрсетілді, 2600 көп балалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекеева мәлімдеді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Спикер атап өткендей, облыстың жастар-ресурстық орталығы еріктілерді қолдау орталығымен бірлесіп, қаңтар айында «Игі істер марафоны» жобасына енген «30 игі іс» акциясын бастады.
Акцияны жастар ресурстық орталықтары, еріктілер мен жоғары оқу орындары, этномәдени бірлестіктер мен бастамашыл азаматтар қолдады. Акция аясында 50-ден астам мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді.
Қаңтар-наурыз айларында «Игі істер марафоны» жобасы аясында «Қарлы десант» акциясы өткізілді. Іс-шараға облыстың 19 өңірінен 500-ге жуық еріктілер жұмылдырылды, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың, жалғыз басты зейнеткерлердің 1320 ауласы тазартылды, 36 тонна қар шығарылды.
Бұл жұмысты жалғастыру үшін «Доброе сердце Lider.KZ» қоғамдық қоры Риддер қаласында өрттен зардап шеккен азаматтарға көмек қорын ашып, 500 мың теңге көлемінде қаражат бағыттады. Бурабай ауданының еріктілері өрттен зардап шеккен отбасына жалпы сомасы 160 мың теңге ақшалай қаражат, мектеп керек-жарақтары, азық-түлік тапсырды. Жастар-ресурстық орталығы «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, 10 жалғызбасты әкеге азық-түлік себетін таратты.
«Игі істер марафоны» жобасы аясында жыл басынан бері Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қоғамдық құрылымдары 5 мыңнан астам адамды қамти отырып, жалпы сомасы 60 млн.теңгеден астам сомаға 180 қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Олардың қатарында аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері бар», – деді Мәнсия Есекеева.
«Игі істер марафоны «жобасын іске асыру табиғатты сақтауға және қоғамның назарын экологиялық проблемаларға аударуға ықпал етеді. Осы бағыт аясында облыс еріктілері 200-ден астам ағаш отырғызды.