spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
11.9 C
Kokshetau

27 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер сейсенбі, яғни 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News».

«Антициклон жотасының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек еліміздің солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс және шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, найзағай, шығыста бұршақ және дауыл соғады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман түседі», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшейюі 15-20, екпіні 23 м/с жетеді, күндіз кей жерлерінде дауыл, бұршақ жауады.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, желдің күшейюі 15-20 м/с, Түркістан облысында екпіні 23 м/с жетеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады, Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің күшейюі 15-20 м/с болады.

Жамбыл, Маңғыстау, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img