spot_img
Сейсенбі, Қараша 26, 2024
-11.8 C
Kokshetau

Ақмолада ауыл әкімдерін сайлау қорытындыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада ауыл әкімдерінің сайлауына сайлаушылардың 75,75 пайызы қатысқан. Жалпы 290 кандидат бақтарын сынаған сайлауда 201 адам өзін-өзі ұсынғаны анықталды, деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Саяси партиялармен 89 кандидат ұсынылған. Оның ішінде 76 үміткер «Nur Otan» партиясынан, «Ақ жол» партиясынан 5, «Қазақстан халық парт»ясынан» 6, «Ауыл және «ADAL» партияларынан бір-бірден үміткерлер қатысқан.
11 сайлау округінде тек өзін-өзі ұсынған кандидаттар ғана сайлауға түсіпті.

«Облыс аудандарында сайлауға ең көп үміткер Шортанды ауданы Бозайғыр округінен 5 кандидат, Ерейментау ауданының Күншалған ауылдық округінен және Атбасар ауданының Ярославль округінен төрт үміткерден қатысты», – дейді облыстық орталық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Садуов.
Сайланған 95 әкімнің 14-і-мемлекеттік қызметшілер. Ал бұрын да әкім болып қызмет еткен 52 үміткер өз орнына қайта сайланды. Әкім лауазымына ұмтылғандардың бірі коммерциялық құрылым өкілі болса, 13 -і-бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, бесеуі-уақытша жұмыс істемейтін адамдар болған.
«Сайлауға қатысқан үміткерлердің 15-і әйелдер болды. Яғни орташа есеппен бұл додаға түскендердің 16 пайызын құрады. Үміткерлердің орташа жасы 47, ең жасы 29 жасқа келген. Сайлау қорытындысы бойынша Егіндікөл ауданының Абай ауылынан сайлауға түскен М.Қарбекова сайлаушылардың 100 пайыз дауысын жинапты. Жалпы сайлау комиссияларының әрекеті бойынша жоғары тұрған комиссиялар мен сотқа арыз түскен жоқ», – дейді спикер.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда  «Ер намысы — Ел намысы – 2024» қалалық байқауы өтті

"Достар" мәдениет сарайында погондағы ер азаматтар арасында "Ер намысы — Ел намысы-2024" атты қалалық байқауы өтті. Жыл сайын өткізілетін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img