spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 11, 2025
12.2 C
Kokshetau

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне масканы шешуге рұқсат етілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Токиодағы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне Олимпиада ұйымдастырушылары марапаттау рәсімінде суретке түсу кезінде 30 секундқа масканы шешуге рұқсат етті.

Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BaigeNews.kz сайтына сілтеме жасап. Әнұран біткеннен кейін спортшыларға максимум 30 секундқа маска шешуге болатыны туралы белгі беріледі. Бұл кезде жүлдегерлер бұрынғыша әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек болады.

Бұдан кейін олимпиадашыларға масканы қайта тағу керектігі жөнінде тағы бір белгі беріледі. Сол кезде маска таққан жеңімпаздармен олардың тұғырында суретке түсуге рұқсат етілмек. Еске сала кетейік, Қазақстан әзірге биылғы Олимпиада ойындарында екі «қола» алды. Еліне жеңісті дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлетші Игорь Сон әкелді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әрбір үшінші ақмолалық спортпен шұғылданады: бұқаралық жобалар мен жаңа нысандар мүмкіндіктерді кеңейтуде

Бүгінде Ақмола облысының әрбір үшінші тұрғыны спорттық өмірге белсенді араласуда. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 329 мың адамға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика