spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Елордаға жұмыс іздеп кеткен жігіт ұшты-күйлі жоғалған

Сондай-ақ...оқыңыз

Елордада жұмыс іздеуге келген Целиноград ауданында тұратын бозбала жігіт ізім-қайым жоғалып кеткен. Бірнеше күннен бері хабарласа алмай жыларман болған анасы полицияға арыз беруге мәжбүр болыпты, деп хабарлайды «Aqmola News».

Аршалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне жүгінген  Целиноград ауданының 59 жастағы тұрғынының айтуынша немересі жұмыс іздеп Елордаға кеткен. 17 жасқа жаңа келген жігіт 22 шілде күні таңғы жетіде үйден Елордаға шығып, сол кеткеннен мол кеткен.

«Әжейдің айтуынша немересі анасынан ерте айырылған. Ал әкесімен еш байланыссыз қалған немересін қария жалғыз тәрбиелеген. Аршалы полициясы дереу жедел іздестіру шараларын ұйымдастырды. Жасөспірімнің барлық таныстары, достары мен куәгер болуы мүмкін адамдардан жауап алынды. Бірыңғай орналастыру жүйесіне жұмылдырылған барлық полиция нарядтарына бозбаланың суреттерімен бағдар берілді», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Полицияның жедел із кесу шараларының нәтижесінде 24 шілде күні арыз жазған әйелдің немересі Елордада тұратын танысының ауласынан табылды. Жоғалып кеткен жасөспірім астанадағы базарлардың бірінде жүк тасушы болып жүргені белгілі болды. Бозбаланың айтуынша ұялы телефоны сынып қалғандықтан үйімен байланысқа шығуға мүмкіндігі болмаған. Қазір жасөспірім үйіне жеткізілген. Оған қарсы ешқандай құқыққа қайшы келетін әрекет жасалмаған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img