Қазгидромет 24-26 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялайды.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік аймақтарында жаңбыр жауады. 24 шілдеде батыста, 24-25 шілдеде солтүстік-батыста, 25-26 шілдеде елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауы ықтимал.
Оңтүстік және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Ауа температурасының күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста 38-46 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта 38-42 жылыға дейін көтерілуі болжануда, солтүстікте температураның 32-40 жылудан 20-30 жылыға дейін біртіндеп төмендеуі байқалады.