spot_img
Бейсенбі, Шілде 31, 2025
19.2 C
Kokshetau

Димаш Құдайберген «Новая волна-2021» конкурсында қазылық етеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Димаш Құдайберген 19-25 тамызда Ресей Федерациясының Сочи қаласында өтетін «Новая волна-2021» халықаралық жас орындаушылар байқауында қазылық ететін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқаудың ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, Димаш Құдайберген «Новая волна-2021» байқауының ашылу құрметіне арналған концертке, қазылар алқасы мүшелерінің концертіне, конкурстың үшінші күні өтетін премьер концертке, шараның жабылу концертіне қатысады деп жоспарланған.

Байқаудың ақтық сынында Қазақстан, Аустралия, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Испания, Италия, Нидерланд және Ресей сияқты 10 елдің жас орындаушылары бақ сынайды. Қазақстан атынан бұл өнер сайысына Mezzo тобы қатысады. «Новая волна-2021» байқауы 2001 жылдан 2014 жылға дейін Латвияның Юрмала курортында өтіп келген болатын. 2015 жылдан бастап конкурс Ресейде өте бастады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Халықаралық қоғамдастық Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан -Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысын өткізді.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Түркияның ежелден бауырлас, тамырлас және түбі бір туысқан ел екенін атап өтіп, ортақ тарихи және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика