spot_img
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
20 C
Kokshetau

Алматы облысының басқарма басшысы 90 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы мен мердігерлік ұйымның басшыларының үстінен аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тергеуді Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары жүргізіп жатыр. Басқарма басшысы жауапкершілігі шектеулі серіктестікті нысан құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы деп «таныған». Сатып алу шартының құны 666 млн теңге болса, соның 15%-ын, яғни 90 млн теңгені қамқорлық ақысы етінде алған. Ең бастысы, аталмыш нысан «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражатқа салынған.

«Лауазымды тұлға, мердігер ұйымның құрылтайшысы мен директоры аса ірі көлемде пара алуға қатысты деген күдікпен ұсталып, Алматы облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын мәселесі талқыланып жатыр. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық істі жүргізу кодексінің 201-бабын бойынша тергеу мүддесіндегі басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды», – деп жазады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында «Кәсіби маман» байқауы қорытындыланды

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында ұйымдастырылған «Кәсіби маман» байқауының өңірлік кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды. Аталмыш байқау жұмысшы мамандықтар жылы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика