Қазақстандық синоптиктер 22-24 шілдедегі ауа райы болжамын ұсынды.
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, бұл күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн қатты ысиды.
«Ауа-райының тұрақсыз сипаты оңтүстік және солтүстік облыстарды қоспағанда, елдің көп бөлігінде сақталады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады. 23 шілдеде шығыста, 23-24 шілдеде батыста найзағай, екпінді жел, бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі», – делінген «Казгидромет РМК» хабарламасында.
Жауын-шашыннан басқа, күндіз солтүстікте және орталықта ауа температурасы 30-38 градусқа дейін, оңтүстікте 37-44 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 33-42 градусқа дейін көтеріледі. Еліміздің батысында ғана температура 33-41-ден 25-33 градусқа дейін төмендейді.