Дүйсенбіде еліміздің солтүстігі мен орталығында жел күшейіп, жаңбыр жауады, оңтүстігі мен батысында ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
19 шілдеде циклонға әкелген атмосфералық ағынға байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауады, тек елдің оңтүстігі мен батысында күн райы ашық болады. К
ей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстікте және орталықта түнде және таңға жақын тұман түсуі мүмкін. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойынап, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы ықтимал, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жауады, шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, жел 18 м/с күшейеді. Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының таулы аудандарында найзағай, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.