spot_img
Сенбі, Қыркүйек 6, 2025
20.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында сәнді ұлттық киімдер көрсетілімі өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Степногорск қаласының Достық және шығармашылық үйі «Біз әр түрліміз, бірақ біз біргеміз!» атты ұлттық сәнді киімдердің онлайн көрсетілімін ұйымдастырды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстану» мәдени-ағартушылық жобасын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс – шараның негізгі мақсаты-қазақтардың көпғасырлық тарихы мен өзіндік мәдениетінің көрінісі болған қазақтың ұлттық киімін насихаттау.

Көрермендердің назарына көйлек, бас киім және этностилдегі көптеген әшекейлер ұсынылды. Көрсетілім жанды ұлттық музыкамен сүйемелденді.

«Коллекция этникалық стильдегі заманауи үлгілерден тұрады. Әрбір костюмде, әрбір элементте ұлттық ою-өрнек элементі ұсынылған. Мұндай іс – шаралар ұлттық мәдениет пен өнерге деген қызығушылықты арттырады, сондай-ақ дәстүрлерді зерттеуге ықпал етеді», – дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, өңірде мерейтойлық жылы киім-кешек пен өнерде этностильді дәріптейтін түрлі іс-шаралар өткізіледі. Сәуір айында Көкшетауда «Этно-fashion» ұлттық киім байқауы өтті, оған облыстың барлық аудандары мен қалаларының өкілдері қатысты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бәсекеге қабілетті ұрпаққа инвестиция: Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде білім саласы қалай жаңғыртылып, ғылыми әлеует қалай дамып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында стратегиялық міндет қойды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика